Қазақстан пайдалы қазбалардың көптеген түрлерінің расталған қорлары бойынша әлемнің жетекші он елінің қатарына кіреді. Бүгінгі таңда республика бойынша пайдалы қазбалардың мемлекеттік балансында барлығы 8 мыңнан астам кен орны тіркелген. Оның 910-ы қатты пайдалы қазбалар кен орындары. Алайда, қазiргi қарқынды өндiрiс жағдайында ел жақын арада олардың сарқылуына жақын. Қазақстанда минералдық-шикізат базасын молайтуды жандандыру үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Бұл ретте жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияларға аудит және олардың экономикалық және әлеуметтік дамуға қосқан үлесін бағалау жүргізіледі. Нәтижесінде мемлекет минералдық ресурстарды игеруге жаңа инвесторларды тартуды жоспарлап отыр. 2022 жылы тау-кен өнеркәсібіне шетелдік инвестициялардың өсімі 18,3%-ды құрады. Қолданыстағы жоспарларға сәйкес, 2026 жылға қарай Қазақстан аумағын зерттеу 680 мың шаршы шақырымға ұлғаяды және 2,2 млн шаршы шақырымға дейін жеткізіледі.